Otbasy_bank_tony

Otbasy_bank_tony Отбасы банкінен кеңес алу шот ашу басқа қалаға онлайн

17/04/2021

Достар, 12 сәуірден, яғни бүгіннен бастап - www.hscbk.kz сайтында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы қуана хабарлаймыз.!

ТЕК ОНЛАЙН, БАНККЕ КЕЛУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ!!!

Келесі санаттар бойынша әкімдікте кезекте тұрған азаматтар қатысуға өтінім бере алады:

- көпбалалы отбасы;
- мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
- толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).

Өтініш беру үшін:
- www.hscbk.kz сайтына кіру керек;
- сайттың басты бетінде немесе Қолжетімді баспана бөлімінде - "Бақытты отбасы" тармағын таңдап – өтініш жіберу пернесін басыңыз;
- пайда болған терезеде ЖСН және телефон нөмірін енгізу керек;
- өтінім беруді смс-хабарламада келген кодпен растау қажет;
- өтінімді растағаннан кейін, өтінім нөмірі бар СМС – хабарлама келеді, міндетті түрде сақтап қойыңыз.

Сайт арқылы өтінімдер 26 мамырға дейін қабылданады.

Бағдарлама бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 3,1 ең төменгі күн көріс деңгейінен (106 336,2 теңге) аспауы тиіс.

Барлығы екі тізім тағаындалады (27 - мамырдан кейін):

- негізгі тізім (бағдарлама бойынша өткен және банкке төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын қатысушылар);

- резервтік тізім (егер негізгі тізімдегі қатысушы төлем қабілеттілігін растай алмайтын болса немесе қатысудан бас тартатын болса, резервтік тізімнен келесі қатысушылар кезек тәртібімен төлем қабілеттілігін растауға шақырылатын болады).

❗ ❗ ❗ Мемлекеттік бағдарламаларға тек бір рет және тек бір бағытта бойынша қатысуға болады!

Әрбір қазақстандық отбасы баспаналы болсын!
Құрметпен, Сіздің Отбасы Банк.
#отбасыбанк
#бакыттыотбасы
#бакыттыотбасы2021
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын

08/04/2021

Қай әйел адам өз баспанасы туралы армандамайды?
Енді әйел адамға ипотекалық несие алу бұрынғыдан да қол жетімді!

Достар, қазақстандықтар конкурс шеңберінде атауын анықтаған, Отбасы Банкінің ең сүйкімді жандарға арналған "Ұмай" деп аталатын ипотекалық бағдарламасы - 12 сәуір күні басталатынын қуана хабарлаймыз.

Жаңа бағдарлама отандастарымызға несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ да рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі 12% және алдағы уақытта, яғни тұрғын үй заемына аусқан кезде несие мөлшерлемесі 3,5% - ға дейін төмендейтін болады.

Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің ең жоғарғы құны-30 млн теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауы тиіс.

Ал енді мысалдар арқылы қарастырайық:

Егер отбасы табысы 200 мың теңгеден аспайтын болса:
Несеие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 85% - дейін.
Мысалы пәтерді бағалау құны 10 млн. теңге болса несиеге 8,5 млн. теңге дейін алуға болады

Егер отбасы табысы 320 мың теңгеден аспайтын болса:
Несие сомасы - тұрғын үйді бағалау құнының 80% - дейін.
Мысалы пәтерді бағалау құны 10 млн. теңге болса несиеге 8 млн. теңге дейін алуға болады

"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша қаражатты тұрғын үйді алғашқы немесе қайталама нарықтан сатып алуға да, жылжымайтын мүлікті жөндеуге де пайдалануға болады.

Жөндеу жұмыстарына 3 700 000 теңгеге дейін алуға болады.
Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе бірнеше меншіктерінің бірі болуы тиіс.

Айтпақшы атыңызда баспана бар жоғы тексерілмейді.

Егер клиенттің табысы жеткіліксіз болса онда кез келген 1 немесе 2 адамды заемшылас ретінде шақыруына болады.

Ал несиенің ең ұзақ мерзімі - 25 жыл.

Әр үйге жайлылық пен жылу тілейміз.
Құрметпен Сіздің Отбасы Банк.

#арманымызбір
#насобъединяетмечта
#женскаяипотека
#отбасыбанк
#отбасыбанкУмай
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын

✅Дорогие наши друзья,  всем привет⠀Весна уже наступила, а это значит, что наступило и время подарков, для себя любимых💚⠀...
30/03/2021

✅Дорогие наши друзья, всем привет

Весна уже наступила, а это значит, что наступило и время подарков, для себя любимых💚

Мы решили, и организуем для вас акцию с розыгрышем интерсных, а главное весьма необходимых, подарков (сумма которых не более 5 мрп) ⤵️

Итак, условия очень просты:

ТОЛЬКО 5 ДНЕЙ ❗❗❗

1️⃣ Откройте депозит с 27 марта по 31 марта у наших консультантов

2️⃣Пополните его минимум на 10 тысяч тенге

3️⃣Получите талон с номером, и уже 5 апреля принимайте участие в нашем розыгрыше🎁

❗Не забудьте поделиться этой новостью с друзьями

🔝Начинайте копить на свою мечту ВМЕСТЕ С ОТБАСЫ БАНКОМ📞87789857783

13/03/2021
01/03/2021
БЗТ қаражатын қолданып, баспананы ипотекасыз толық сатып алуды жоспарлаған достарымыздың назарынаЕгер баспананы БЗТ қара...
18/02/2021

БЗТ қаражатын қолданып, баспананы ипотекасыз толық сатып алуды жоспарлаған достарымыздың назарына

Егер баспананы БЗТ қаражатын қолданып + өзіңіздің жеке қолма-қол қаражатыңызды қолданып сатып аған болсаңыз enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында растау құжаттарын (ПДФ-форматында) жүктеу кезінде:

• Сатушы пәтер құнының бір бөлігін қолма – қол ақшамен алғаны туралы ҚОЛХАТ бірге жүктелуі қажет.

• Егер жеке қаражат бөлігі қолма – қол ақшасыз, яғни банктік шотына аударылған болса, онда растаушы құжат ретінде аударылым туралы түбіртек жүктелуі тиіс.

• Егер Сатып алу – сату шарты нотариуста рәсімделіп, пәтер құнының бір бөлігі нотариустың көзінше беріліп және бұл туралы сатып алу – сату шартында нотариус жазған болса қосымша қолхат пен түбіртектің қажеті жоқ.

🔸🔸🔸

Планируете приобрести жилье без ипотеки с помощью единовременных пенсионных выплат?

Если вы купили квартиру с помощью ЕПВ + собственные наличные средства, то при загрузке подтверждающих документов (в формате PDF) на онлайн-платформе enpf-otbasy.kz загрузите:

• расписку ​​о получении продавцом части стоимости квартиры наличными

• если оставшуюся часть вы перевели на банковский счет продавца, то приложите квитанцию ​​о переводе для подтверждения произведённых операций

• дополнительные квитанции не требуются, если договор купли-продажи нотариально зарегистрирован, часть стоимости квартиры передается в присутствии нотариуса и записывается нотариусом в договоре купли-продажи.

#насобъединяетмечта
#арманымызбір
#отбасыбанк
#отбасыбанкЕНПФ
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын

Достар, Мемлекет - Отбасы Банкі салымшыларының депозиттерін 50,5 млрд теңгеден астам сомаға толықтырды!!! 🔥 2020 жылы де...
15/02/2021

Достар, Мемлекет - Отбасы Банкі салымшыларының депозиттерін 50,5 млрд теңгеден астам сомаға толықтырды!!! 🔥

2020 жылы депозиттерін 555 600 теңгеге (200 АЕК) дейінгі сомаға толтырған банк салымшылары - жинақтарының 20% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алды!

Ал егер сіз де өз баспанаңызға ақша жинауды бастағыңыз келсе және Отбасы Банктің миллион салымшысы сияқты мемлекет сыйлықақысын алғыңыз келсе – біздің банкте депозит ашыңыз және оны жыл бойы ұсынылатын жарнаға тұрақты түрде толықтырыңыз. Жыл қорытындысы бойынша Сіздің жинақтарыңыз (200 АЕК-тен аспайтын сома) 20% мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылады.

🔸🔸🔸

Друзья, Государство пополнило депозиты вкладчиков Отбасы Банка свыше чем на 50,5 млрд тенге!!!🔥

В 2020 году вкладчики Банка, пополнившие свои депозиты на сумму до 555 600 тенге (200 МРП) получают премию Государства в размере 20% от накоплений!

А если вы тоже хотите начать копить на жильё и получать премию Государства как миллион вкладчиков Отбасы Банка – откройте депозит в нашем Банке и регулярно пополняйте его в течение года на рекомендуемый взнос. По итогам года ваши накопления (не более 200 МРП) будут поощрены 20% премией Государства

#отбасыбанк
#арманымызбір
#насобъединяетмечта
#зейнетақыжинақтары
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын

🔊Мемлекеттік сыйлықақы салымшыларымыздың депозиттеріне түсуде!⠀Достар,  Мемлекеттік сыйлықақы -  Отбасы Банк  салымшылар...
13/02/2021

🔊Мемлекеттік сыйлықақы салымшыларымыздың депозиттеріне түсуде!

Достар,  Мемлекеттік сыйлықақы -  Отбасы Банк  салымшыларының шоттарын дәл қазіргі уақытта толықтырып жатқанын қуана хабарлаймыз!

Өз қаражатыңыздың толықтырылуын  ЖССБ 24 мобильді қосымшасы арқылы қадағалай аласыз.

ЖССБ 24 қосымшасын Play Market немесе AppStore-дан смартфоныңызға жүктеп алыңыз және салым бойынша ақшаңыздың барлық қозғалысын бақылаңыз!

Егер сіздің депозитіңізде қаражат жеткілікті болса және тұрғын үй құрылыс жинақтарының барлық шарттары орындалса, Отбасы Банкінің  тиімді бағдарламалары арқылы баспаналы болуға асығыңыз.

Егер депозит әлі кішкентай болса, онда оған ай сайынғы төлемдермен тезірек өсуге көмектесіңіз.

Сыйлықақы кім алғанын көрейік?

Мемлекеттік сыйлықақы! - деп коммент. қалдырыңыз
📲

🔸🔸🔸

🔊Государственная премия поступает на депозиты вкладчиков!

Друзья, мы рады сообщить,  что государственная премия💰 пополняет счета вкладчиков Отбасы Банка!

Проследить за пополнением своих средств, вы можете в мобильном приложении ЖССБ24.

Скачайте приложение ЖССБ 24 в Play Market или AppStore на свой смартфон и контролируйте все движения денежных средств по вкладу!

Когда ваши накопления обновятся, готовьтесь к выполнению новых жилищных задач!

Если на вашем депозите достаточно средств и выполнены все условия жилстройсбережений, спешите приобрести жилье🏡 по займам в Отбасы Банке.

А если депозит еще мал, то помогайте ему расти ежемесячными рекомендуемыми платежами😉.

Давайте посмотрим, сколько нас, кто получил премию💰?

Пишите в комментариях📲 - ГОСПРЕМИЯ!

#отбасыбанк
#арманымызбір
#насобъединяетмечта
#зейнетақыжинақтары
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын
#госпремияпоступила

Соманы өзгерту керек пе? - Оңай!⠀Достар, қазір enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы жеке кабинетіңізде  мәлімделген БЗ...
12/02/2021

Соманы өзгерту керек пе? - Оңай!

Достар, қазір enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы жеке кабинетіңізде  мәлімделген БЗТ мөлшерін азайта аласыз.

Мұны тек ипотекасыз сатып алу мақсатын таңдаған кезінде жасай аласыз және
тек өз қаражатыңыз үшін, ал
жақын туыстарыңыз табыстаған қаражат сомасын өзгертуге болмайды.

Мысалы Сіздер БЖЗҚ-дан белгілі бір  сомаға тапсырыс беріп, кейін арзанырақ пәтер таптыңыз.

Егер сатып алу-сату шартына сәйкес  сатушыға БЗТ есебінен төленетін  сома сіздің арнайы шотыңыздағы қаражаттан аз болса, онда құжаттарды (сатып алу-сату шарты және тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтама) жүктеу кезінде сіз "шарт бойынша сома" жолына сатып алу-сату шартындағы нақты сомасын жазып, соманы өзгерте аласыз.

Мысалы, сіздің арнайы шотыңызда 7 миллион  және туысыңыз табыстаған 5 миллион қаражат бар.

Пәтер 10 миллион тұрады. 4 млн сіз сатушыға қолма-қол ақшамен төледіңіз, ал 6 млн БЗТ есебінен төлеуді жоспарлап отырсыз және бұл шартта жазылған.

Шарт бойынша сома бөліміне  6 000 000 санын енгізу және "соманы өзгерту" батырмасын басу қажет.

Сіздің арнайы шотыңызда 1 млн өз қаражатыңыз және 5 млн туысыңыз табыстаған қаражат қалады.

Есте сақтау керек:

🔸️ шарттың бүкіл сомасын емес, сатушыға аударылатын соманы  көрсетіңіз.
🔸️ сіздің арнайы шотыңыздағы қаражаттан жоғары соманы көрсету мүмкін емес
🔸️ туыстар табыстаған қаражат сомасын өзгертуге болмайды

Жаңа мүмкіндік сіздерге баспананы ипотекасыз толық сатып алу кезінде  нақты соманы енгізуге мүмкіндік береді және егер  өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді екінші рет пайдалануды жоспарлаған болсаңыз, БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару үшін 45 күнді күтпеуге көмектеседі.

🔸🔸🔸

Изменить сумму? – Легко!

Друзья,  теперь в личном кабинете онлайн-платформы enpf-otbasy.kz вы можете изменить сумму выплаты продавцу.

Сделать это можно только если у вас цель "полный выкуп (без ипотеки)"
Данное изменение суммы возможно только для собственных средств. Сумму уступленных средств вы изменить не сможете.

Часто бывает, что вы заказали из енпф одну сумму, а позже нашли квартиру дешевле.

Продолжение в карусели ⏩

Достар, жақын арада барлық ғашықтар күні келеді! Әдетте бұл күні жұптардың ұзақ және байсалды қарым-қатынасын білдіретін...
12/02/2021

Достар, жақын арада барлық ғашықтар күні келеді!

Әдетте бұл күні жұптардың ұзақ және байсалды қарым-қатынасын білдіретін ерекше сыйлықтар сайланады.

Бұл ретте Отбасы Банкінің сыйлық сертификаты  тамаша шешімі болады, сондай-ақ Сіздің өміріңіздегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді!

Сүйіктіңізге Отбасы Банкінің сыйлық сертификатын сыйлаңыз және қазірден бастап бірлескен болашаққа ақша жинауды бастаңыз!

Сыйлық сертификатын банк бөлімшесінде немесе банк кеңесшілерінен де ашуға болады.

Ол үшін сізге тек жеке куәлік қажет.

Сыйлық сертификаты тегін ашылады, ал салынған сомма толық сыйланған  депозитке түседі. Сертификат  5000 теңгеден бастап ашылады.

Сертификатты қолдану үшін, 3 ай ішінде сыйлық депозитін алушы өз атына шартты қайта рәсімдеуі керек, ол  үшін жеке куәлігімен және сертификаттың түпнұсқасымен қалаған Отбасы Банкінің бөлімшесіне  келуі қажет.

Сертификатты іске қосқан кезде алушы шарттық соманы ұлғайта алады және жинақтау мерзімін өзгерте алады.

Егер 3 айдан кейін сертификат іске қосылмаған болса, онда ол автоматты түрде оны сыйлық үшін сатып алған адамға депозит түрінде қалады.

Отбасы Банкінің сыйлық сертификаты - махаббаттың белгісі ❤

#отбасыбанк
#арманымызбір
#насобъединяетмечта
#зейнетақыжинақтары
#ӘрСалымшыБаспаналыБолсын

Address

Zhanaozen
130200

Telephone

+77789857783

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Otbasy_bank_tony posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Otbasy_bank_tony:

Share