18/05/2026
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіп кешеніндегі ерікті сақтандыру жүйесі аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сақтандыруды қолжетімді әрі тиімді етуге бағытталған қосымша шарттардың іске қосылғанын хабарлайды.
Енді фермерлер ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын тек дәстүрлі бір жылдық мерзімге ғана емес, сондай-ақ, 3, 6 және 9 айлық қысқа операциялық кезеңдерге де сақтандыра алады.
Мұндай икемді мерзімдерді енгізу сақтандыру өнімдерін кәсіпорындардың нақты өндірістік циклдеріне бейімдеу қажеттілігімен байланысты. Жаңа мүмкіндік бордақылау алаңдары, репродуктивті шаруашылықтар және басқа да салалық кәсіпорындардың толық күнтізбелік жылға тәуелді емес бизнес-процестерін ескеруге мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді сақтандыру келісімдері бойынша тарифтер базалық жылдық мөлшерлемелерге пропорционалды түрде есептеледі және сақтандырылатын мал басының санына тікелей байланысты болады. Бағдарлама Қазақстанның барлық өңірінде жыл бойы жұмыс істейді. Ол ірі және ұсақ малға, жылқыға, шошқаға, сондай-ақ құс шаруашылығына арналған.
Ұсынылған сақтандыру өнімдері мультитәуекелді сипатқа ие және жан-жақты қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді. Олар жұқпалы әрі аса қауіпті аурулардың таралуы, табиғи апаттар, өрт, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, сондай-ақ найзағай түсуі, жабайы жануарлардың шабуылы немесе өмірге қауіпті жарақаттар сияқты түрлі жазатайым жағдайлардан болатын қауіптерді қамтиды.
Аграрлар үшін маңызды артықшылықтардың бірі – мемлекеттік қолдау. Субсидиялау аясында мемлекет сақтандыру полисі құнының 80 пайызын төлейді, ал фермер тек қалған 20 пайызын ғана өтейді.
Бағдарламаға қатысу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілері жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жүйесінде (АШЖСЖ) міндетті түрде тіркеуі қажет. Сақтандыруға өтінімді онлайн форматта агроөнеркәсіп кешенін сақтандыруға арналған арнайы ақпараттық жүйе арқылы, Kezekte.kz платформасында беруге болады.
🐄🐄🐄
АО «Аграрная кредитная корпорация» объявляет о запуске дополнительных условий в рамках системы добровольного страхования агропромышленного комплекса, направленных на повышение доступности и привлекательности страховой защиты для сельхозтоваропроизводителей.
Так, фермеры могут оформить договоры страхования сельхозживотных и птицы не только на традиционный годовой период, но и на более короткие операционные сроки - 3, 6 и 9 месяцев.
Переход к более гибким временным интервалам обусловлен необходимостью адаптации страховых продуктов под фактические производственные циклы предприятий.
Нововведение позволяет в полной мере учесть специфику деятельности откормочных площадок, репродуктивных хозяйств и других профильных предприятий, чьи бизнес-процессы не привязаны к полному календарному году. При этом страховые тарифы по краткосрочным договорам рассчитываются пропорционально базовым годовым ставкам и напрямую зависят от объема страхуемого поголовья.
Программа действует на всей территории Казахстана в течение всего года и распространяется на крупный и мелкий рогатый скот, лошадей, свиней, а также птицу.
Предлагаемые страховые продукты носят мультирисковый характер и гарантируют комплексную финансовую защиту. Они покрывают широкий спектр угроз, включая вспышки инфекционных и особо опасных болезней, стихийные бедствия, пожары, противоправные действия третьих лиц, а также различные несчастные случаи - от ударов молнии и нападения диких животных до несовместимых с жизнью травм.
Важным преимуществом для аграриев остается весомая государственная поддержка: в рамках субсидирования государство берет на себя оплату 80% от стоимости страхового полиса, тогда как фермеру достаточно оплатить лишь оставшиеся 20%.
Для участия в программе сельхозпроизводителям обеспечить обязательную регистрацию животных в системе идентификации сельскохозяйственных животных (ИСЖ).
Подать заявку на получение страховой защиты можно в режиме онлайн через специализированную информационную систему страхования в АПК, которая функционирует на платформе Kezekte.kz.