Микрофинансовая организация "Ырыс"

Микрофинансовая организация  "Ырыс" Өркендеу! Компания

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ «КУЛПАРШЫН» ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІТүркі...
06/09/2022

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ «КУЛПАРШЫН» ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, Жетісай қаласынның «КУЛПАРШЫН» орталық базарында орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккен кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсету мақсатында «Ырыс» микроқаржы ұйымы «Қолдау» жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыруда.
«ҚОЛДАУ» бағдарламасы аясында «КУЛПАРШЫН» орталық базарында зардап шеккен кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізілуде.
Несие туралы толығырақ мәліметтерді Ырыс МҚҰ-ның келесі мекен жайдан білуге болады:
Түркістан қаласы
Тауке хан даңғылы, №321 ғимарат.
Сым тетік: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Қаржыландыруды келесідей максималды жеңілдетілген шарттармен беріледі
- Жылдық пайызы 1%.
- Несиенің максималды соммасы 5 млн. теңгеге дейін.
- Несие мерзімі 36 айға дейін.
- Негізгі қарызды төлеуге жеңілдік мерзімі – 6 айға дейін
- Мақсатты топ – оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________________
ТУРКЕСТАН: ЛЬГОТНЫЙ КРЕДИТ ВЫДАДУТ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЯМ ПОСТРАДАВШИМ В РЕЗУЛЬТАТЕ НЕСЧАСТНОГО СЛУЧАЯ НА ЦЕНТРАЛЬНОМ РЫНКЕ «КУЛПАРШЫН» ГОРОДА ЖЕТЫСАЙ
При поддержке акимата Туркестанской области МФО «ЫРЫС» разработана программа «ҚОЛДАУ» по финансированию предпринимателей пострадавших в результате несчастного случая на центральном рынке города Жетысай «КУЛПАРШЫН».
В рамках программы «ҚОЛДАУ» ведутся работы по финансированию пострадавших предпринимателей.
Более подробную информацию сможете узнать по следующему адресу МФО «Ырыс»:
город Туркестан
пр. Тауке хана, здание №321.
Телефон: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Финансирование проводится на следующих максимально льготных условиях
- Ставка вознаграждения 1% годовых
- Максимальная сумма займа – до 5 млн. тенге
- Срок займа до 36 месяцев
- Льготный период по погашению основного долга – до 6 месяцев
- Целевая группа – пострадавшие предприниматели в результате несчастного случая.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: «КЕРУЕН САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІНДЕ ЖӘНЕ «ECO BAZAR» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН...
11/04/2022

ТҮРКІСТАН: «КЕРУЕН САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІНДЕ ЖӘНЕ «ECO BAZAR» САУДА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «YASSY BUSINESS» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы «Керуен Сарай» туристік кешені және «ECO BAZAR» аумағында, сондай-ақ Түркістан қаласының өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларында кәсіпкерлігін жүргізетін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру басталуда.
Несие туралы толығырақ мәліметтерді Ырыс МҚҰ-ның келесі мекен жайдан білуге болады:
Түркістан қаласы
Тауке хан даңғылы, №321 ғимарат.
Сым тетік: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Ұялы: +7 776 559 08 70.
Бұл - бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
Қаржыландыруды келесідей максималды жеңілдетілген шарттармен беріледі
- Жылдық өсімі 4%.
- Несиенің максималды соммасы 8000 АЕК артық емес, «Керуен Сарай» туристік кешені үшін 20 000 АЕК аспайды.
- Несие мерзімі инвестицияға 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін
- Мақсатты топ – «Керуен Сарай» туристік кешенінде және «ECO BAZAR» сауда орталығы, сондай-ақ Түркістан қ. өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларымен айналысатын кәсіпкерлер бизнес бастайтын кәсіпкерлер.

Айта кетейік, Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен сарай» туристік кешені сәуір айында ашылды. Кешен Түркістанның тарихи орталығында орналасқан. Мұнда заманауи қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-корттар, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________________
ТУРКЕСТАН: ЛЬГОТНЫЙ КРЕДИТ ВЫДАДУТ НА ВЕДЕНИЕ БИЗНЕСА В ТУРИСТИЧЕСКОМ КОМПЛЕКСЕ «КЕРУЕН САРАЙ» И НА ТЕРРИТОРИИ ТОРГОВОГО КОМПЛЕКСА «ECO BAZAR»
При поддержке акимата Туркестанской области дан старт финансированию предпринимателей в рамках программы льготного кредитования «YASSY BUSINESS».
Более подробную информацию сможете узнать по следующему адресу МФО «Ырыс»:
город Туркестан
пр. Тауке хана, здание №321.
Телефон: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Сот: +7 776 559 08 70.
Это большая возможность для индивидуальных предпринимателей, которые начинают бизнес
Финансирование планируется проводить на следующих максимально льготных условиях
- Ставка вознаграждения 4% годовых
- Максимальная сумма займа – Не более 8 000 МРП, для комплекса «Караван Сарай» не более 20 000 МРП
- Срок займа на инвестиции до 84 месяцев, на пополнение оборотных средств до 36 месяцев
- Целевая группа предприниматели, которые начинают бизнес в туристическом комплексе "Керуен Сарай", «ECO BAZAR» г. Туркестан, так же предприниматели занятые в отраслях обрабатывающей промышленности, образования, туризма и здравоохранения г. Туркестан.

Напомним, в Туркестане в апреле открылся крупнейший в Центральной Азии туристический комплекс «Керуен сарай». Комплекс расположен в историческом центре Туркестана. Здесь работают современные отели, рестораны, фуд-корты, торговые центры и рынки.
Пресс-служба акима Туркестанской области

09/11/2021
ТҮРКІСТАН: «КЕРУЕН САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІНДЕ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІТүркістан облысы әкімдігінің қ...
08/11/2021

ТҮРКІСТАН: «КЕРУЕН САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІНДЕ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «YASSY BUSINESS» бағдарламасы аясында «Керуен Сарай» туристік кешенінде бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру басталуда.
Несие туралы толығырақ мәліметтерді Ырыс МҚҰ-ның келесі мекен жайдан білуге болады:
Түркістан қаласы
Тауке хан даңғылы, №321 ғимарат.
Сым тетік: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Ұялы: + 7 702 861 52 44.
Бұл - «Керуен Сарай» туристік кешенінде бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.
Қаржыландыруды келесідей максималды жеңілдетілген шарттармен беріледі
- Жылдық өсімі 4%.
- Несиенің максималды соммасы 8000 АЕК (23 млн. тенге) дейін.
- Несие мерзімі инвестицияға 60 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін
- Мақсатты топ - «Керуен Сарай» туристік кешенінде бизнес бастайтын кәсіпкерлер.
Жобаны «Керуен Сарай» туристік кешенінде іске асыратын не іске асыруды жоспарлайтын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болу, сондай-ақ ұлттық стильдегі кәдесый өнімдерін (қолөнершілер, қышшылар және т.б.) өндірушілер болу қаржыландыру үшін қосымша шарттар болып саналады.
Айта кетейік, Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен сарай» туристік кешені сәуір айында ашылды. Кешен Түркістанның тарихи орталығында орналасқан. Мұнда заманауи қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-корттар, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
________________
ТУРКЕСТАН: ЛЬГОТНЫЙ КРЕДИТ ВЫДАДУТ НА ВЕДЕНИЕ БИЗНЕСА В ТУРИСТИЧЕСКОМ КОМПЛЕКСЕ «КЕРУЕН САРАЙ»
При поддержке акимата Туркестанской области дан старт финансированию предпринимателей в рамках программы льготного кредитования «YASSY BUSINESS».
Более подробную информацию сможете узнать по следующему адресу МФО «Ырыс»:
город Туркестан
пр. Тауке хана, здание №321.
Телефон: 8 (725 33) 4-22-73,
8 (725 33) 4-22-86.
Сот: +7 702 861 52 44.
Это большая возможность для индивидуальных предпринимателей, которые начинают бизнес в туристическом комплексе "Керуен Сарай".
Финансирование планируется проводить на следующих максимально льготных условиях
- Ставка вознаграждения 4% годовых
- Максимальная сумма займа – до 8000 МРП (23 млн. тенге)
- Срок займа на инвестиции до 60 месяцев, на пополнение оборотных средств до 36 месяцев
- Целевая группа предприниматели, которые начинают бизнес в туристическом комплексе "Керуен Сарай".
Дополнительными условиями для финансирования является субъекты микро-и малого предпринимательства, реализующие либо планирующие реализовать проект в туристическом комплексе "Керуен Сарай", а также производители сувенирной продукции в национальном стиле (ремесленники, гончары и др.).
Напомним, в Туркестане в апреле открылся крупнейший в Центральной Азии туристический комплекс «Керуен сарай». Комплекс расположен в историческом центре Туркестана. Здесь работают современные отели, рестораны, фуд-корты, торговые центры и рынки.
Пресс-служба акима Туркестанской области

13/02/2020

«Ырыс» Микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС туралы, жеке тұлғалардан келіп түскен ақпараттарға жауап.
Бағалау қызметі бойынша.
«ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС Ішкі нормативтік құжаты - Кепіл саясатына сәйкес, несие алушыларға қоятын талаптарының бірі, Несие алушының өтінішін Несие комитетінде қанағаттандырғаннан кейін, несие қаражатын қамтамасыз ету мақсатында кепілге ұсынған жылжымайтын мүлік туралы Лицензияланған бағалаушылардың есебін ұсынуы. Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 133-VI ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына сәйкес Бастамашылық бағалау бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бағалау жүргiзуі жөнiнде тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледі.
Бүгінгі таңда, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС несие алушылары бір жүзден астам бағалау компанияларының қызметін пайдалануда, олар: «Capital Assessment Group» Бағалау компаниясы» ЖШС, «БИОН» ЖШС, «Swiss Appraisal» ЖШС, «Бюро Оценки «Adal» ЖШС, «Центр профессиональной оценки» ЖШС, «Qaz Ocenka» ЖШС және т.б. Несие алушыларға нақты лицензияланған бағалаушының қызметіне жүгіну туралы шектеулерқойылмайды.
Бағалау компаниясын таңдау несие алушының кұзыретінде, ол өзі келісімшартқа тұрып қызметін пайдаланады.
Бағалау компанияларының заңсыз қызметтерін пайдалануға қатысты.
«Ырыс» МҚҰ басшылары, өздерінің бағалау компаниясын ашты және қарыз алушыларды оның қызметтерін пайдалануға мәжбүрледі» деген болжам бойынша, келтірілген дәлелдер аудит барысында, растау таба алмады. Егер мұндай ақпарат болса, Сізден оларды беруіңізді сұраймыз және біз өз шешімімізді құқық қорғау органдарына ашық түрде ұсынамыз. «Ырыс» МҚҰ бағалауды лицензиясыз жүргізген компаниялардың жұмысын қабылдағанына байланысты, қайталап тоқталып өтсек, қарыз алушы бағалау компаниясын өздері таңдап, келісім жасасып, оның қызметіне ақысын төлейді, егер ТБК қызметтері заңсыз және лицензиясыз жүзеге асырылса, бағалаушы компания өздері жауап береді. Біз ТБК қорытындысын қабылдай отырып, ТБК лицензияларын тексеруге және сұрату қажеттілігі жоқ, өйткені, бұл мәліметтер бағалау есебінде көрсетіледі.
________________________________________________
«ОҢТҮСТІК» АИО» мен «ЫРЫС» МҚҰ несие беруінің ашықтығы мен қауіпсіздігі ,сондай-ақ кәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС-не еншілес «Ырыс» МҚҰ» ЖШС несие берудің ашықтығын, қауіпсіздігін, сонымен қатар алаяқтық қатерлердің алдын алу және Түркістан облысының шалғай аудандарын қамту мақсатында Онлайн несие ұсыну функцияларын жүзеге асыруды көздеуде.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС тарапынан облыстық қәсіпкерлерге қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру бизнес-үдерістерін автоматтандыру, инвестициялық бағытты және көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға өтініш қабылдаудың электрондық сервисі арқылы, несие берудің автоматты жүйесін енгізу бойынша жұмыстарын басталды. Автоматтандыру ұйыммен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, несие берудің ашықтығын және Түркістан облысының шалғай аудандарын қамту мақсатында енгізіліп отыр. Клиенттердің өтініштерін қарау барысын бақылау талондардың көмегімен жүргізіледі, мұнда өтініш берген күннен бастап оны қарау мерзімі көрсетіледі, талон бойынша қызмет көрсету жүйесіне өту 2020 жылдың ақпан айынан бастап жүргізіледі.
Жоғарыда аталған жүйені іске қосу, бизнес үдерістің барлық қатысушыларына өтініш берілген сәттен бастап нақты шешім қабылданғанға дейін қарыз қаражатты алуға берілген өтінішті қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Несие беру бойынша электрондық сервисті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ әзірлеген Qoldau.kz электронды платформасы негізінде немесе «Бірінші Кредиттік Бюро» АҚ алдыңғы қатарлы бұлтты технологияларды қолдана отырып құру жоспарлануда.
Сонымен бірге, барлық аудандардағы Аймақтық несие сарапшысының жұмыс орнына бейне бақылау камералары орнатылып, орталық кеңсенің Ішкі қауіпсіздік қызметінің жіті қадағалауында болуын қамтамасыз етуде және тоқсан сайын «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС өз қызметкерлеріне ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңына сәйкес, құқықтық семинарлар өткізіліп тұрады.
Бұған қоса, несие алушылар үшін барлық аудандарда «ОҢТҮСТІК» АИО ЖШС мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің қызметіне арналған арыздар мен ұсыныстар қабылдау жәшіктері және сенім телефондары орнатылған.
______________________________________________
Қызметкерлерді қысқарту мәселесі бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 3 шілде 2019 жылғы Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізуді және олардың жұмысын оңтайландыруды тапсырғанын ескере отырып, 2019 жылдың тамыз айында «ОҢТҮСТІК» АИО» ЖШС мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС қызметіне талдау жүргізілді.
2019 жылдың тамыз айында «ОҢТҮСТІК» АИО қызметіне талдау жүргізіліп, Серіктестіктің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін оңтайландыру, мақсатында мынадай жұмыстар жүргізілді:
-проблемалық қарыздарды қайтару бойынша;
-активтердісату;
- ұйымдық құрылымына өзгерістер енгізіле отырып, штат саны 55 бірліктен 45 бірлікке азайтылды. Атап айтқанда, екі тиімсіз департамент «экономикалық жоспарлау және анализ департаменті» және «стратегия және даму департаменті» қысқартылып, бір департаментке «қаржы және стратегия департаменті» біріктірілді.
Аталған іс-шара барысында, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС де несие портфелінің төмендеуін ескере отырып, штаттағы 74 бірлікті 62 бірлікке дейін азайтылып, қысқартуға түскен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің (әрі қарай – Заңның) 131 бабының 2 тармақшасына сәйкес Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері жүргізілді. Сонымен қатар жұмыс барысын жүйелендіру мақсатында мекеменің ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізіп, атқарушы органын Басқармаға ауыстыру жұмыстарын жүзеге асырды. Штатты қысқарту іс-шараларын жүргізу барысында, заңмен белгіленген тұлғаларды, жұмыстан босату мүмкіндігін шектеу бойынша, талаптары сақталған.

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ШАҒЫН НЕСИЕ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?Көпбалалы отбасыларға жеке бизнес бастау үшін шағын несиелер қандай шартта...
12/09/2019

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ШАҒЫН НЕСИЕ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

Көпбалалы отбасыларға жеке бизнес бастау үшін шағын несиелер қандай шарттармен берілетіндігі белгілі болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Онда жеңілдікті шарттармен әр түрлі бизнес түрлеріне кепіл және микрокредиттер берілместен қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру тетіктері көзделген.

«Біз микрокредиттер беру шарттарын қайта қараймыз. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында көп балалы отбасылардың жобалары үшін микрокредит беру мерзімінің ұлғайтылуы ұсынылады. Кредитті өтеу бойынша қаржылық жүктемені төмендету үшін біз номиналды сыйақы ставкасын (қолданыстағы схема бойынша 6%) төмендетуді ұсынамыз», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сондай-ақ ол жеткілікті кепіл мүлкі жоқ отбасылар үшін микрокредиттерді кепілдендіру механизмдерін ауыл мен қалаға бөлмей, бірыңғай оператор арқылы тарату жоспарланып отырғанын атап өтті. «Атамекен» ҰКП филиалдарының көп балалы отбасылардың бизнес-жобаларын сүйемелдеу мерзімін ұлғайту (қазір 1 жыл) ұсынылады. Бұл тұрақты өсу траекториясына шығу үшін старт-ап жобаларын бейімдеуге мүмкіндік береді.

«Кепіл мүлкі және жоғары табысы жоқ көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекеттік гранттарды ұсыну арқылы, өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 айлық есептік көрсеткіш (505 мың теңге) мөлшерінде көрсетілетін болады. Бұл оларға бастапқы кезеңде «қарапайым бизнеспен» айналысуға мүмкіндік береді», – деді министр.

Сондай-ақ, ол бағдарламаның бюджеттің тиімді шығындалуын арттыруға бағытталған тетіктері қайта қаралатындығын баса айтты. Бірінші кезекте, оқыту тек жұмыс берушілердің өтінімі бойынша ғана жүргізіледі. Бағдарламаның нысаналы бағыты азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге негізделеді.

«8 айдың қорытындысы бойынша Бағдарламаның іске асырылу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді. 402 мыңнан астам адам Бағдарлама қатысушысы болды. 280 мың адам, оның ішінде 185 мыңы немесе 66 пайызы тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды. Қысқа мерзімді курстарға 32 мыңнан астам адам жіберіліп, оның ішінде 16 мыңы оқуды аяқтады, оқуды аяқтаған 6 мыңнан астам адам жұмысқа тұрғызылды. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 75 мың адамды қамту жоспарланған болса, оның 33 мыңы қамтылды. Бағдарламаға қатысушы 8,5 мыңға жуық адам микрокредиттер, ал 7 мыңнан астам адам гранттар алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 114 мыңнан астам адам орналастырылды. Шамамен 6 мың адам немесе белгіленген жоспардың 62 пайызы қоныс аударды», – деді Біржан Нұрымбетов.

Бұл ретте, министр жекелеген бағыттар бойынша кейбір өңірлерде Бағдарламаның іске асырылу қарқыны төмен екендігін, сондықтан өңірлердің әкімдерінен осы бағыттағы жұмысты күшейтуін атап өтті.

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ҚУАНДЫТүркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйытқы болуымен...
10/09/2019

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАР ҚУАНДЫ

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйытқы болуымен «Қамқор» бағдарламасы іске асып келеді. «Қамқор» – Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арналған бағдарлама. Бұл жоба аясында кәсіпкерлер түрлі жеңілдіктерге қол жеткізе алады. Атап айтсақ, кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз несие алуына болады. Талап бойынша екі кепілгер қажет. Несие 60 айға 1 пайызбен беріледі.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы «Қамқор» бағдарламасына 200 миллион теңге бөліп, арыстық іскер кәсіпкерлердің 50-ге тарта жобасын мақұлдады. Сол арқылы оларға жеңілдетілген пайызбен несие берілді. Алдағы уақытта «Даму» қорынан «Қамқорға» қосымша қаражат қарастырылмақ.

Арыс қаласында 400-ден аса кәсіпкерлік нысан апаттан зардап шеккен болатын. Қазіргі таңда бұл нысандардың барлығы дерлік қалпына келтірілді. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлік нысандарға бөліп отырған қаржысына қол жеткізген арыстық кәсіпкерлердің саны да күн санап артуда. Арыстық кәсіпкерлердің нысандарына қомақты қаржы арнайы қордан тартылды.

Кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіріп үлгерген арыстық азаматтарға «Қамқор» бағдарламасы арқылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы 5 миллион теңгеге дейін 1 пайызбен несие беріп отыр. «Ырыстық» менеджерлер «Қамқор» бағдарламасы аясында 50-ге жуық кәсіпкерге 200 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріп үлгерді. Жүзден астам кәсіпкердің өтініштері қаралды.

«Қамқор» бағдарламасы арқылы несие алған жандардың бірі – Арыс қаласының тұрғыны, көп балалы ана Әлия Күлбаева. Ол «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жақында бағдарлама аясында құрылыс заттары дүкеніне 5 миллион теңге несие алған.

«Ырыс» арқылы бағдарламаның рахатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірі – Алтынай Туманова. Азық-түлік дүкені үшін Алтынай апа 5 миллион теңге несие алған. Осылайша жеңілдетілген несие арқылы көп балалы ана өз кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алып отыр. Осы уақытта Арыс қаласының орталық көшелерінде орналасқан «Алтынай» дүкені халықтың игілігі үшін жұмыс істеп тұр.

«Ырыс» микроқаржы ұйымында бұл күндері көп балалы аналарға арналған «Кәсіпкер ана» бағдарламасы да жүзеге асуда. Сондай-ақ, бизнесін енді жолға қойған азаматтарға арналған «Жас кәсіпкер» бағдарламасы да бар.

Ерболат Айнабеков, «Ońtústik Qazaqstan».

Ата заңымыз  -  Конституция күні құтты болсын !
30/08/2019

Ата заңымыз - Конституция күні құтты болсын !

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗ «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНУДЕ Арыс қаласында 400-ден аса  кәсіпкерлік нысандар айтп...
28/08/2019

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗ «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН СЕЗІНУДЕ

Арыс қаласында 400-ден аса кәсіпкерлік нысандар айтпай келген апаттан зардап шеккен болатын. Қазіргі таңда бұл нысандардың толығы дерлік қалпына келіп қалды. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлік нысандарға бөліп отырған қаржысына қол жеткізген арыстық кәсіпкерлердік саны да жақын күндері артуы керек. Арыстық кәсіпкерлердің құрылысына қомақты қаржы арнайы қордан да тартылды. Сомманың үлкен бөліктері республикалық бюджеттен және жомарт кәсіпкерлерден келіп түсті. Алдағы уақытта екінші транштағы соммалар арыстық кәсіпкерлердің қолдарына тиіп қалуы тиіс.

Кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіріп үлгерген арыстық азаматтарға «Қамқор» бағдарламасы арқылы «Ырыс» микроқаржы ұйымы 5 миллионға дейін, 1 пайызбен несие беріп отыр. «Ырыстық» менеджерлер «Қамқор» бағдарламасы аясында елуге жуық кәсіпкерге 200 миллион теңгеге жеңілдетілген несие беріп үлгерді. Жүзден астам кәсіпкердің өтініштері қаралып шықты.

Туманова Алтынай анамыз, Арыстағы кәсібін табыс жолына қойған кәсіпкерлердің біріне жатады. «Ырыстан» жақында «Қамқор» бағадарламасы аясында: «Азық-түлік дүкеніне және ұн алуға» 5 миллион теңге несие алды. Осылайша көпбалалы ананамыз жеңілдетілген несие арқылы өз кәсібін кеңейтуге үлкен мүмкіндік алып отыр. Осы уақытта Арыс қаласының орталық көшелерінде орналасқан «Алтынай» дүкені халықтың игілігі үшін жұмыс жасап тұр. Кәсіпкер аналарымыздың кәсіптері табысты, жұмыстарды жемісті болуы қуанатын жағдай.

Естеріңізге сала кетсек, «Қамқор» бағдарламасы аясындағы несие 5 миллионға дейін кепілсіз беріледі. Яғни, кәсіпкер анамыз екі кепілгер арқылы бір пайыздық арнайы несиеге қол жеткізіп отыр.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасымен, Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен қысқа уақытта: «Қамқор», «Кәсіпкер ана» бағдарламалары «Ырыс» микроқаржы ұйымы тарапынан қолға алынды. Сондай-ақ, «Жас кәсіпкер» бағдарламасының несие шарттары жеңілдетіліп 4 пайыздан, 1 пайызға төмендетілді.

«Ырыс» баспасөз

Құттықтау !"Ырыс" микроқаржы ұйымының директорының орынбасары Сәуле Шорабекқызының бүгін туған күні. 10 жылыңызды осы ме...
25/08/2019

Құттықтау !

"Ырыс" микроқаржы ұйымының директорының орынбасары Сәуле Шорабекқызының бүгін туған күні. 10 жылыңызды осы мекемеге арнап отырған Сізге ұжымның айтар алғысы көп! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Жұмысыңыз алға баса берсін!

Құттықтаушы "Ырыс" ұжымы мен басшысы Д.Арынғазин

АРЫС: «ЫРЫС» ҰЙЫМЫ «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ДА АРЫСТЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫ ҚУАНТЫП ОТЫРТүркістан облысы әкімішіл...
25/08/2019

АРЫС: «ЫРЫС» ҰЙЫМЫ «ҚАМҚОР» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ДА АРЫСТЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРЫМЫЗДЫ ҚУАНТЫП ОТЫР

Түркістан облысы әкімішілігіне қарасты кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының тікелей тапсырмасымен «Қамқор» бағдарламасы іске асып келеді. Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тікелей бақылауындағы игі бағдарламалар әлі де көбейіп келеді. «Қамқор» бағдарламасы Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арналған арнайы бағадарламаға жатады. Түрлі жеңілдіктерді қарастырады: 5 миллионға дейін кепілсіз, талап бойынша екі кепілгер қажет және несие бойынша 6 ай каникул беріліп, 60 айға, 1 пайызбен беріледі.

«Ырыс» микроқаржы ұйымы «Қамқор» бағдарламасына өз қаражатынан 200 миллион теңгені бөліп, арыстық іскер кәсіпкерлердің 50-ге тарта жобаларын мақұлдап, жеңілетілген арнайы несиені таратып отыр. Жуық арада «Даму» қорынан «Қамқорға» қосымша қаражаттар қарастырылуда.

Арыс қаласының тұрғыны, көпбалалы анамыз Әлия Күлбаева «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жақында «Қамқор» бағдарламасы аясында «Құрылыс заттары дүкеніне» 5 миллион теңге несие алған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отырған кәсіпкерлер көп. Осы салада тәжірибесі мол Әлия анамыз қаржылай қолдауды «Ырыс» мекемесі арқылы алғанына дән риза.

"Ырыс" баспасөз қызметі

ҮЛКЕН ІСТЕР, КІШІ ТІРЛІКТЕРДІҢ ТЫНУЫМЕН БАСТАЛМАҚӨңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен Арыстағы кәсіпкерлік ныс...
07/08/2019

ҮЛКЕН ІСТЕР, КІШІ ТІРЛІКТЕРДІҢ ТЫНУЫМЕН БАСТАЛМАҚ

Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен Арыстағы кәсіпкерлік нысандардың ахуалын тексеру екінші күнмен жалғасты. Тапсырманы орындауда, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы мен "Ырыс" микро қаржы ұйымы бірлесе отырып жұмыс жасады.

Төрт топтан құралған қызметкерлер соңғы нысандарды аралап бітірді. Барған нысандарда кәсіпкерлермен сөйлесіп, мән-жағдайды анықтап, сараптамадан соң тиісті шаралар қаралмақ. Жалпы 400-ге жуық кәсіпкерлік нысан тексерілді. Тағы да жаңадан 40 кәсіпкер зардап шеккен нысандарына көмекақы алуға тіркеліп отыр.

Бөлінген көмек қаржыларын қажетіне жаратқан кәсіпкерлер көп. Құрылысты өз қаржысына жасаған, жасатып жатқан кәсіпкерлер де баршылық.

Арыстық кәсіпкерлерге арналған ертеңгі жиналыс сағат, 10:00-де жергілікті әкімшіліктің ғимарат залында өтеді. "Ырыс" микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің директоры Данияр Арынғазин осы жиында "Қамқор" бағдарламасына қатысты баяндама жасайды.

"Ырыс" баспасөз қызметі

Address

Тәуке хан даңғылы 321 үй
Türkistan
161204

Opening Hours

Monday 09:00 - 19:00
Tuesday 09:00 - 19:00
Wednesday 09:00 - 19:00
Thursday 09:00 - 19:00
Friday 09:00 - 19:00

Telephone

+77253342273

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Микрофинансовая организация "Ырыс" posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Микрофинансовая организация "Ырыс":

Share