06/08/2020
Ақшаңызды сақтаңыз!
Қаржы алаяқтары қолданатын алты танымал схема
Fingramota.kz бүгінгі таңда Қазақстанда таралған алаяқтық схемалары туралы айтып береді. Түп төркіні алдау болып табылатын бірдей жұмыс істеу қағидаты арқылы халықтың ақшасын алдау жолымен алудың алты негізгі әдісін атап өтуге болады.
Бірінші тәсіл - кредиттерді немесе өзге де міндеттемелерді өтеу.
Бұл схеманы алаяқтар адамның заңды және жеке тұлғалар алдында кредиттері немесе өзге де міндеттемелері болған кезде пайдаланады. Алаяқтар қарыз алушыға мәселені шешуді немесе кредит төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алуды ұсынады. Ол үшін қарыз алушы кредит сомасының бір бөлігін (10-нан 40%-ға дейін) төлеуі қажет. Мысалы, егер қарыз алушының 300 000 теңге мөлшерінде кредит бойынша берешегі бар болса, онда «мәселені шешуді» ұсынған адамдарға 50 000 теңге төлеу арқылы қарыз алушы қарызының барлық сомасынан құтылады-мыс. Шын мәнінде, алаяқтар мәселені одан әрі шешу үшін қажет деп қосымша ақша сомасын сұрайды. Нәтижесінде клиенттің қарызы өтемейді, бұл өз кезегінде қосымша шығыстарға (айыппұлдар, өсімақылар және т.б.) әкеледі.
Екінші тәсіл – ұтыс қою арқылы пайда табу.
Схеманың мәні мынада: жеке тұлғамен байланысқа шығып, қысқа мерзімде (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) букмекерлік кеңселерде ұтыс қою арқылы үлкен ақша табуға уәде беру. Белгілі бір соманы салғаннан кейін қатысушыға оның ставкасы ұтты деп хабарланады, бірақ ұтысты алу үшін комиссия төлеу керек, комиссия төленгеннен кейін тағы қосымша ақша сомасын төлеу қосылады және т.б. Нәтижесінде қатысушы уәде етілген соманың жартысына жуығын алаяқтарға төлейді, содан кейін алаяқтар ізін суытады.
Мөлшерлемелердің жұмыс қағидаты мынадай. Шағын тәуекел – сыйақы төмен, жоғары тәуекел – сыйақы жоғары. Сондай-ақ букмекерлік кеңсенің комиссиясы да бар. Мысалы, егер мөлшерлеменің 2 шығысы (50/50) болса, онда ұтқан кезінде қатысушы орташа алғанда мөлшерлеме сомасының 85%-ын алады, ал ұтылған кезде қатысушы мөлшерлеме сомасының барлық 100%-ын жоғалтады. Бұл ретте ұтыстың 15%-ын алаяқтар комиссия ретінде ұстап қалады. Адамды жоғары мөлшерлеме аласың деп «алдайды», бірақ ол енгізген ақшаны, сонымен қатар пайызымен бірге оған қайтармайды.
Үшінші тәсіл – неғұрлым төмен нарықтық құнымен шетелден автомобиль сатып алу.
Процесс былайша жүреді: жеке тұлға немесе компаниялар азаматқа шетелден автомобильді нарықтық құнынан 20-30% арзанға сатып алды ұсынады (кедендік төлемдерді және басқа шығыстарды қоса отырып. Автомобильдердің нарықтық құннан төмен құнының толық негізделген себептері бар: автомобильдер жойылуға жатады немесе аукционға шығарылады. Азамат автомобиль құнының 30%-ы мөлшерінде бастапқы жарнаны төлеуі ғана керек және автомобиль жеткізілгеннен кейін ол қалған 70%-ын төлеуге тиіс.
Бірақ іс жүзінде бұл компания немесе жеке тұлға 30%-ды алғаннан кейін бірнеше апта өткен соң клиентпен байланысқа шығады және жұмсалған шығыстар үшін қосымша соманы аударуды сұрайды (жобамен 20%), одан әрі 1-4 апта ішінде кеден шығыстары және т.с.с. үшін ақша сомасын сұрайды. Осы уақытта алаяқтар ақшаны шетелдік шоттарға аударады, өздері жасырынып қалады.
Төртінші тәсіл - техниканы (гаджетті) шетелден сатып алу.
Бұл схема өткен схемаға өте ұқсайды. Смартфонның жаңа моделі пайда болған жағдайда, алаяқтар азаматтарға смартфонның шектеусіз санын шетелден барынша төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін және оларды почта бойынша не өзге тәсілмен жіберуді ұсынған жағдайлар орын алды. Осылайша, алаяқтар ең алдымен аванс ретінде смартфон үшін 100$-ды банк картасына аударуды сұрайды, бұдан әрі 100$-ды басқа карточкаға аударуды талап етеді, мұны аудару кезінде проблемалар туды деп түсіндіреді. Кейіннен алаяқтар әрбір смартфон үшін 200$ қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлайды, болмаған жағдайда, олардың айтуынша, смартфондар жеткізілмейді, осыдан кейін алаяқтар жоқ болып кетеді.
Шетелден барынша төмен бағамен техниканы сатып алуға болады, бірақ бір адамға жеке пайдалану үшін кемінде екі тауар сатып алуға рұқсат етіледі, тауардың бір түрін екіден артық сатып алу кәсіпкерлік қызмет ретінде бағаланады.
Бесінші тәсіл – құжаттарды тіркеуге көмек.
Схема мынадай түрде жүзеге асырылады: алаяқтар сенімді болу үшін сол немесе өзге мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері сияқты құжаттарды «жеделдету», «жылжыту», «тіркеу» бойынша қызмет көрсетуді ұсынады. Бастапқы жарна (аванс) келісілген сыйақы сомасынан 20-дан 50%-ға дейін болады. Бұдан әрі, өткен мысалдарда атап көрсеткендей, алаяқтар «ресімдеуге» байланысты проблемалардың бар екендігін және оларды шешу үшін қосымша ақы төлеу қажет не көрсетілетін қызметтер үшін қосымша ақы төлеу (мысалы, бюджетке міндетті төлемдер және басқа да шығыстар) қажеттігі туралы хабарлайды, осыған байланысты клиентке жедел түрде ақша жіберу қажет. Нәтижесінде клиентке қажетті қызмет көрсетілмейді.
Алтыншы тәсіл – ұтылып қалған немесе жоғалған ақшаны қайтаруға көмек.
Бұл схема адам «алаяқтық әрекеттердің құрбаны» болған және оның нәтижесінде материалдық зиян шеккен кезде жүзеге асырылады.
- Ұтыс қоюдан ақша ұтылу;
- бинарлық опциондарда ақша ұтылу;
- инвестициялық жобаларға салынған ақшалай қаражатты жоғалту;
- қаржы пирамидасының күйреуі және т.б.
Алаяқтар белгілі бір уақыт өткеннен кейін белгілі бір комиссияға жоғалған қаражатты қайтаруға көмегін ұсынып клиентпен байланысқа шығады. Нәтижесінде қаражатты қайтарамын деп үміттенген клиент қосымша шығындарға ұшырайды.
Қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыру үшін ақша тарту лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады, оларды екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар (брокер-дилерлер және басқарушы компаниялар) ғана жүзеге асыра алады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясына ие ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған. Әдеттегідей, азаматтардың Агенттіктің лицензиясы жоқ ұйымдармен өзара қарым-қатынасы едәуір қаржылық тәуекелдерді тудырады. Біз азаматтарды қырағылық танытуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне түспеуге шақырамыз.
Fingramota.kz бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
____________________________________________
Берегите свои деньги!
Шесть популярных схем, которые применяют финансовые мошенники
Fingramota.kz расскажет о мошеннических схемах, которые распространены сегодня в Казахстане. Можно выделить шесть основных способов выманивания денег у населения с одинаковым принципом работы, построенном на обмане.
Первый способ - погашение кредитов или иных обязательств.
Данная схема используется мошенниками при наличии у лица кредитов либо иных обязательств перед юридическими и физическими лицами. Мошенники предлагают заемщику разрешить вопрос или взять обязательства по оплате кредита на себя. Для этого заемщику необходимо оплатить часть от суммы кредита (от 10 до 40%). К примеру, если у заемщика имеется задолженность по кредиту в размере 300 000 тенге, то оплатив 50 000 тенге данным лицам, предложившим «решить вопрос», заемщик якобы погашает всю сумму займа. В действительности мошенники запрашивают дополнительные суммы денег, якобы необходимых для дальнейшего решения вопроса. В итоге заем клиента не погашается, что, в свою очередь, влечет дополнительные расходы (штрафы, пени и т.д.).
Второй способ - заработок на ставках.
Суть схемы заключается в следующем: с физическим лицом выходят на контакт и обещают в короткие сроки (от нескольких часов до нескольких дней) заработать большие суммы денег на ставках в букмекерских конторах. После осуществления взноса определенной суммы участнику сообщается, что его ставка оказалась выигрышной, но для выплаты нужно оплатить комиссию, после оплаты комиссии включается оплата дополнительных сумм и т.д. В итоге участник оплачивает около половины обещанной суммы мошенниками, после чего последние скрываются.
Принцип работы ставок следующий. Малый риск – вознаграждение невысокое, высокий риск – высокое вознаграждение. Существует также комиссия букмекерской конторы. Например, если ставка имеет 2 исхода (50/50), то при выигрыше в среднем участник получает 85% от суммы ставки, тогда как при проигрыше участник теряет все 100% суммы ставки. При этом 15% от выигрыша удерживаются мошенниками в качестве комиссии. Человека просто «заманивают» высокими ставками, но деньги, которые он внес, ему не возвращают, тем более с процентами.
Третий способ - покупка автомобиля за рубежом по более низкой рыночной стоимости.
Процесс происходит следующим образом: физические лица или компании предлагают гражданину купить автомобиль за рубежом, к примеру, на 20-30% дешевле от рыночной стоимости (с учетом таможенных платежей и других расходов). Имеются вполне обоснованные причины стоимости автомобилей ниже рыночной: автомобили попадают под ликвидацию или выставляются на аукцион. Гражданину сообщают, что необходимо всего лишь оплатить первоначальный взнос в размере 30% от стоимости автомобиля и после доставки автомобиля, он должен будет оплатить оставшиеся 70%.
Но в действительности данная компания или физические лица после получения 30% через несколько недель связываются с клиентом и просят перевести дополнительную сумму денег на расходы (примерно 20%), далее в течение 1-4 недель запрашивают сумму денег на таможенные расходы и т.д. За это время мошенники переводят деньги на зарубежные счета и скрываются.
Четвертый способ - покупка техники (гаджетов) за рубежом.
Данная схема очень схожа с предыдущей. Имели место случаи, когда после появления новой модели смартфона, мошенники предлагают гражданам возможность приобретения неограниченного количества смартфонов за рубежом по более низкой цене и отправки их по почте либо иным способом. Таким образом, мошенники вначале в качестве аванса просили по 100$ за смартфон перечислением на банковскую карту, далее требовали перечисление по 100$ на другую карточку, объясняя это тем, что возникли проблемы с переводами. В последующем мошенники сообщали о необходимости дополнительной оплаты по 200$ за каждый смартфон, в противном случае, по их словам, смартфоны не будут доставлены, после чего мошенники скрывались.
Покупка техники за рубежом по более низкой стоимости возможна, однако на одного человека допускается приобретение для личного пользования не более двух единиц товара, приобретение одного вида товара в количестве более двух единиц, расценивается, как предпринимательская деятельность.
Пятый способ - помощь в оказании регистрации документов.
Схема осуществляется следующим образом: для убедительности мошенники под видом работников тех или иных государственных организаций предлагают услуги по «ускорению», «продвижению», «регистрации» документов. Первоначальный взнос (аванс) составляет от 20 до 50% от оговоренной суммы вознаграждения. Далее, как и в предыдущих примерах, мошенники сообщают о наличии проблем с «оформлением» и для их решения необходимо дополнительно оплатить либо о необходимости дополнительной оплаты за услуги (например, обязательные платежи в бюджет и других расходов), в связи с чем клиенту необходимо срочно отправить деньги. В итоге клиент не получает необходимой услуги.
Шестой способ - помощь в возврате проигранных или потерянных денег.
Схема осуществляется в период, когда лицо уже стало «жертвой мошеннических действий» и потерпело материальные убытки в результате.
- проигрыша денег на ставках;
- проигрыша денег на бинарных опционах;
- потери вложенных денежных средств в инвестиционные проекты;
- краха финансовой пирамиды и т.д.
Мошенники по истечении определенного периода времени связываются с клиентом, предлагая помочь вернуть потерянные средства за определенную комиссию. В итоге клиент, в надежде вернуть средства, терпит дополнительные убытки.
Привлечение денег для осуществления инвестиций в финансовые инструменты относится к лицензируемым видам деятельности, которые могут осуществлять только банки второго уровня, Национальный оператор почты и профессиональные участники рынка ценных бумаг (брокеры-дилеры и управляющие компании). Информация об организациях, имеющих лицензии Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка, размещена на интернет-ресурсе Агентства. Как правило, взаимоотношения граждан с организациями, не имеющими лицензии Агентства, несут в себе значительные финансовые риски. Призываем граждан быть бдительными и не попадаться на уловки мошенников.
Повышайте свою финансовую грамотность вместе с Fingramota.kz!