02/01/2023
Қайырлы күн достар!
2023 тен бастап табыс салығын төлеу қайта басталады. 3 жылдық жеңілдік аяқталды!
Салық мөлшері: 3% . Оның 1,5 % табыс салығы. Қалған 1,5% әлеуметтік салық (әлеуметтік аударымдармен шатастырмаңыз!)
Есептелуі: жалпы айналымнан (яғни, шығындарды шегере алмайсыз бұл режимде) 1,5% ды табыс салығына төлейсіз. Мысалы, 1 млн табыс болса, соның 1,5% 15 000 тг табыс салығы ретінде төленеді.
Қайда төленеді? ИП тіркелген ауданның салық басқармасына! Каспи қосымшасында мемлекеттік қызметтер - салық бөлімінде төлей аласыз.
Ал, енді қызығы әлеуметтік салық. Ол жай 1,5% есептеле салмайды! Формуласы 1,5% * айналым - әлеуметтік аударымдар (соц.отчисления) . Мысалы: 1 млн айналым болды * 1,5% - соц отчисления 6 айда (2450 * 6) 14700 болса, сіз әлеуметтік салық тек 300 тг төлейсіз. Одан жұмысшылардың әлеуметтік аударымдарын да алып тастауға болады. Сонда көбіне соц.налог бізде 0 болып тұрса, таң қалмаңыздар.
Қашан төлейміз? 6 айда бір рет. Отчет тапсырғаннан кейін. 1 жарты жылдық үшін 25 тамызға дейін. 2 жарты жылдық үшін 25 ақпанға дейін.