KMF За годы своей деятельности KMF стала одним из лидеров микрофинансового сектора Центральной Азии.

За годы своей деятельности KMF стала одним из лидеров микрофинансового сектора Центральной Азии. Официальный сайт компании: www.kmf.kz.

03/06/2026

Бүгін KMF Банктің IT жөніндегі басқарушы директоры Андрей Петров Ташкент қаласында өткен Banking Fusion Uzbekistan 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі. Бұл форум банк секторының көшбасшылары мен цифрлық трансформация саласының сарапшыларын біріктірді.

Өз баяндамасы аясында Андрей Петров KMF Банктің бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал ететін AI-шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Спикер банкте әрбір AI-бастаманың алдымен бизнес-тиімділік тұрғысынан бағаланатынын, ал оң нәтиже көрсеткен жағдайда пилоттық жоба ретінде іске қосылатынын атап өтті. Сәтті жүзеге асқан кейстердің бірі - қызметкерлерді оқыту мен бейімделу үдерісін жеделдетіп, бизнес-тренерлерге түсетін жүктемені азайтатын AI-ментор.

Бүгінде жасанды интеллект банк дамуының маңызды құралына айналып отыр. Ал жүзеге асырылған AI-жобалар инновациялардың қызметкерлер мен клиенттер үшін пайдалы екенін дәлелдеп келеді.

________

Сегодня управляющий директор KMF Банка по IT Андрей Петров выступил на Banking Fusion Uzbekistan 2026 — международном форуме, объединившем лидеров банковского сектора и экспертов по цифровой трансформации.

В рамках выступления Андрей Петров поделился опытом KMF Банка по вне

02/06/2026

🏀 KMF Банк пен KMF-Демеу Есік қаласында өткен балалар баскетбол турнирін қолдады

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 13–14 жас аралығындағы спортшылар арасында баскетбол турнирі өтті. Жарысқа Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарынан 7 команда қатысты.

Турнир қорытындысы:
🥇 1-орын — Талғар қаласының командасы
🥈 2-орын — Өрікті ауылының командасы
🥉 3-орын — Райымбек кентінің командасы

KMF Банк пен KMF-Демеудің қолдауымен жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, баскетбол доптарымен және брендтелген спорттық киімдермен марапатталды.

________

🏀 KMF Банк и KMF-Демеу поддержали детский баскетбольный турнир в городе Иссык

В ДЮСШ №1 города Иссык Енбекшиказахского района прошел баскетбольный турнир среди спортсменов 13–14 лет. В соревнованиях участвовали 7 команд из Енбекшиказахского и Талгарского районов.

Итоги турнира:
🥇 1 место — команда города Талгар
🥈 2 место — команда села Өрікті
🥉 3 место — команда поселка Райымбек

При поддержке KMF Банка и KMF-Демеу победители и призеры получили кубки, медали, баскетбольные мячи и брендированную спортивную форму.

01/06/2026

Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз!

Әр бала мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, қауіпсіз ортада, ертеңгі күнге деген сеніммен өссін. Балаларға зор денсаулық, шат күлкі мен бақытты, ұзақ ғұмыр тілейміз!

___________

Поздравляем с Международным днём защиты детей!

Пусть каждый ребёнок растёт в любви, безопасности и уверенности в завтрашнем дне. Желаем детям крепкого здоровья и счастливого детства!

27/05/2026

Құрбан айт қабыл болсын!

Осы нұрлы мереке әр шаңыраққа бейбітшілік, жылулық пен береке әкелсін. Сіздерге зор денсаулық, ертеңгі күнге деген сенім тілейміз. Игі ниет, тілектеріңіз қабыл болсын!

Мерекемен құттықтаймыз!

___

Поздравляем с Курбан айт!

Пусть этот светлый праздник принесёт в каждый дом мир, тепло и благополучие. Желаем вам крепкого здоровья, семейного согласия, добрых дел и уверенности в завтрашнем дне.

С праздником!

25/05/2026

Өткен аптада Астанада еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам тауар өндірушіні біріктірген «Ұлттық өнім» атты отандық өндірушілер көрмесі өтті. Іс-шараны дәстүрлі түрде «Даму» қоры ұйымдастырды. Биылғы көрме шара тарихындағы ең ауқымдысы болды.

Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Біздің Банк бұл көрмені жыл сайын қолдап келеді, биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Іс-шараға арнайы заманауи технологиялар мен ұлттық мәдениет элементтерін үйлестірген цифрлық киіз үй форматындағы стенд әзірленді. Келушілер банк өнімдерімен танысып, түрлі белсенділіктерге қатысып, банктің маскоты – Тазымен және фотобудкада суретке түсіп, естелік сыйлықтарға ие болды.
KMF Банк стендіне клиенттер, бизнес өкілдері, депутаттар, блогерлер және көрме қонақтары келді. Банктің символы Тазы келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды.

_________

На прошлой неделе в Астане прошла выставка отечественных производителей Ulttyq Ónim, объединившая более 600 товаропроизводителей со всех регионов Казахстана. Организатором мероприятия традиционно выступил Фонд «Даму». В этом году выс�

KMF қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қатысты - бұл еліміздің түкпір-түкпірінен отандық компаниялар, к...
23/05/2026

KMF қазақстандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне қатысты - бұл еліміздің түкпір-түкпірінен отандық компаниялар, кәсіпкерлер мен өндірушілерді біріктіретін ауқымды шара .

Біз үшін көрмеге қатысу - қазақстандық бизнестің бастамаларын қолдауға, жаңа жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға және отандық өндірісті дамытудың маңызын тағы бір мәрте атап өтуге мүмкіндік болды.

Көрме қатысушыларының қатарында біздің клиенттеріміз де бар: сапалы қазақстандық өнім шығарып, өз брендтерін дамытып, бизнестің мүмкіндігін кеңейтіп жүрген компаниялар.

______

KMF принял участие в выставке казахстанских производителей «ULTTYQ ÓNIM» - масштабной площадке, которая объединяет отечественные компании, предпринимателей и производителей со всего Казахстана.

Для нас участие в выставке стало возможностью поддержать инициативы казахстанского бизнеса, познакомиться с новыми проектами, обменяться опытом и еще раз подчеркнуть важность развития отечественного производства.

Среди участников выставки и наши клиенты: компании, которые создают качественный казахстанский продукт, развивают свои бренды и расширяют возможности бизнеса.

22/05/2026

KMF Банк командасы адамдарға және қоғамға деген қамқорлық – біздің корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін дәлелдеуді жалғастыруда.

Жуырда ғана біз бірге ағаш отырғызсақ, бүгін медициналық мекемеге қажетті жабдықты табыстап, қолдау көрсеттік.

20 мамыр күні Қонаев қаласының ауруханасына фототерапияға арналған шам жеткізілді. Бұған дейін осындай жабдық Талдықорған қаласының ауруханасына да табысталған болатын.

Әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, бастама көтеріп, ізгі істерді KMF Банк өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырып жүрген әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.

______

Команда KMF Банка продолжают доказывать, что забота о людях и обществе - часть нашей культуры.

Совсем недавно мы вместе высаживали деревья, а сегодня поддержали медицинское учреждение, передав необходимое оборудование.

20 мая в больницу г. Конаев была доставлена лампа для фототерапии. Ранее аналогичное оборудование уже было передано в больницу г. Талдыкорган.

Благодарим сотрудников, которые проявляют инициативу, участвуют в социальных проектах и делают добрые дела частью повседневной жизни KMF Банка.

KMF Isker Hanymy 2026 байқауына өтінім беріп үлгеріңіз!Өтінім қабылдау уақыты аяқталуға жақын. Бұл - өзіңізді, бизнесіңі...
21/05/2026

KMF Isker Hanymy 2026 байқауына өтінім беріп үлгеріңіз!

Өтінім қабылдау уақыты аяқталуға жақын. Бұл - өзіңізді, бизнесіңізді және жетістіктеріңізді таныстыруға берілген мүмкіндік.

Сыйлықақы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі әйел кәсіпкерлерге арналған.

Өтінімдер 2026 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады. Өтінімді парақшадағы сілтеме арқылы жіберіңіз.

_______

Успейте подать заявку на KMF Isker Hanymy 2026!

Приём заявок завершается и это ваш шанс заявить о себе, своём бизнесе и своих результатах.

Премия открыта для женщин- предпринимательниц со всего Казахстана.

Заявки принимаются до 1 июня 2026 года. Подайте заявку по ссылке в шапке профиля.

20/05/2026

KMF Банк Қостанай филиалының директоры Қостанай іскер әйелдер қауымдастығының подкастына қонақ болды.

Шығарылымда KMF Банктің өңірдегі кәсіпкерлерді қалай қолдайтыны айтылды: бизнеске қандай бағдарламалар қолжетімді, қаржыландыруды қандай шарттармен алуға болады, бүгінгі таңда қандай мөлшерлемелер бар және клиенттер неге KMF Банкті таңдайды.

Егер сіз өз ісіңізді дамытып жүрсеңіз немесе бизнесіңізді кеңейтуді жоспарласаңыз, бұл шығарылым сізге пайдалы болады.

Көріңіз, пікіріңізбен бөлісіңіз және сұрақтарыңызды жазыңыз 👇

______

KMF Банктің Қостанай филиалының директоры Қостанай іскер әйелдер қауымдастығының подкастына қонақ болды.

Шығарылымда KMF Банктің өңірдегі кәсіпкерлерді қалай қолдайтыны туралы айтылды: бизнеске қандай бағдарламалар қолжетімді, қаржыландыруды қандай шарттармен алуға болады, бүгінгі таңда қандай мөлшерлемелер бар және клиенттер неге KMF Банкті таңдайды.

Егер сіз өз ісіңізді дамытып жүрсеңіз немесе бизнесіңізді кеңейтуді жоспарласаңыз, бұл шығарылым сізге пайдалы болады.

Көріңіз, пікіріңізбен бөлісіңіз және сұрақтарыңызды комментарийге жазыңыз 👇

19/05/2026

KMF Банк шалғай елдімекендерде орналасқан банк бөлімшелерін Starlink спутниктік интернетіне қосу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бүгінгі таңда банктің 14 бөлімшесі заманауи әрі жоғары жылдамдықты байланыс түрімен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта тағы 5 бөлімшені қосу жоспарланып отыр.

Жуырда банк командасы Түркістан облысындағы Шаян ауылына барып, онда Starlink жүйесін орнатты. Starlink технологиясының арқасында интернет байланысының жылдамдығы мен сапасы айтарлықтай артып, клиенттердің өтініштерін жедел өңдеуге, банк операцияларын оперативті жүргізуге, тіпті қолжетімділігі қиын аймақтарда цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде клиенттер үшін қызмет көрсетудің қолайлы жағдайларын қалыптастырып, банк сервистеріне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

________

KMF Банк продолжает реализацию проекта по подключению спутникового интернета Starlink в отдаленных населенных пунктах, где расположены отделения банка. На сегодняшний день 14 отделений уже обеспечены современным и высокоскоростным типом связи. В ближайших планах подключение еще 5 отделений.

На днях команда банка выехала в поселок Шаян Туркестанской области, где был устан

Address

пр. Назарбаева, 50
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77273317474

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when KMF posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to KMF:

Share

Category