06/03/2023
📣 2023 жылдың 06 наурызында KASE халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанатын өткізді, оның шеңберінде "Digitall: women in FinTech" тақырыбында пікірталас өтті.
🔸 Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттық ашу салтанаты әлемдік қоғамдастықтың назарын тұрақты даму саясаты мен ESG принциптері контекстінде гендерлік инклюзивтілікті дамыту перспективаларына және гендерлік теңдікті қолдауға аударуға бағытталған.
🔸 "Digitall: women in FinTech" тақырыбындағы пікірталас цифрландыру мен IT технологияларды дамыту контекстінде гендерлік инклюзивтілікті қолдауға байланысты тақырыптарды талқылаған цифрлық технологиялар және финтех саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен өтті.
🔸 Жыл сайынғы Ring The Bell for Gender Equality сауда-саттықты ашу салтанатында Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрайымы Мадина Әбілқасымова, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" ЗТБ (ҚҚҚ) Кеңесінің Төрайымы Елена Бахмутова, Орталық Азия бойынша IFC өңірлік менеджері Кассандра Колберт және және Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" өкілі Мария Доценко құттықтау сөз сөйледі.
🔸 Халықаралық іс-шарада "Digitall: women in FinTech" пікірталасында спикерлер ретінде Қазақстан қор биржасының Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская, Kazpost Digital СЕО және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі Әсем Нұрғалиева, "Отбасы банк" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Эльмира Распекова, "Қазақтелеком" АҚ-ның Бас қаржы директоры және Басқарма мүшесі Людмила Атамұратова сөз сөйледі, "Halyk Finance" АҚ IT жөніндегі басқарушы директоры Әсел Марченко, Beeline Қазақстан өнімдерін дамыту жөніндегі директоры Салтанат Жанұзақова, Қазақстан қор биржасының бизнес-процестерін автоматтандыру бойынша Team lead Юлия Якупова сөз сөйледі.