28/06/2019
Маңғыстау облысы бойынша ІМАД мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар тарапынан заң бұзушылықтарға жол бермеу керектігін ескертеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының 130-шы тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерді электрондық пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады.
Алдын ала жіберу хаттамасын мемлекеттік сатып алу веб-порталына уақытылы орналастырмаған үшін Маңғыстау облысы бойынша ІМАД ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 46 лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы, 14 тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Маңғыстау облысы бойынша ІМАД мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар заң аясында жүргізілу керектігін ескертеді.