06/05/2026
Для улучшения качества воздуха в городах Казахстана переход к экологически чистым системам отопления становится всё более актуальным. При этом международный опыт помогает находить эффективные и применимые решения.
Делегация правительства Казахстана при поддержке АБР ознакомилась с опытом Финляндии - одного из мировых лидеров в области устойчивого теплоснабжения и энергетического перехода.
Финляндия имеет схожие климатические условия и длительный отопительный сезон. Если ещё в 2010 году около 92% тепла там вырабатывалось за счёт угля и природного газа, то в 2024 году эта доля сократилась до 15% для угля и 25% для газа. Уже в декабре 2025 года в Хельсинки была закрыта последняя угольная станция, что на полтора года раньше запланированного срока.
Сегодня около 70% теплоснабжения в Финляндии обеспечивается за счёт возобновляемых источников и современных решений, таких как использование вторичного тепла, тепловые насосы, тепловые аккумуляторы и переработка отходов в энергию. Эти результаты стали возможны благодаря последовательной государственной политике, жёстким экологическим требованиям, поддержке НИОКР и внедрению энергоэффективных и цифровых технологий.
По итогам визита определены ключевые направления развития систем теплоснабжения, применимые в условиях Казахстана и ориентированные на декарбонизацию отрасли. Эксперты также проработают возможные изменения в национальном законодательстве, включая меры государственной поддержки для внедрения новых решений.
Полученные результаты будут использованы при разработке региональных планов теплоснабжения и подготовке решений по переходу от ископаемого топлива к более чистым и устойчивым источникам энергии.
_____________________
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасын жақсарту үшін экологиялық таза жылыту жүйелеріне көшу барған сайын өзекті бола түсуде. Бұл ретте халықаралық тәжірибе тиімді әрі қолдануға болатын шешімдерді табуға көмектеседі.
Қазақстан Үкіметінің делегациясы АБР-ның қолдауымен тұрақты жылумен жабдықтау және энергетикалық көшу саласында әлемдегі жетекші елдердің бірі саналатын Финляндияның тәжірибесімен танысты.
Финляндияның климаттық жағдайлары ұқсас әрі жылыту маусымы ұзақ. Егер 2010 жылы бұл елде жылудың шамамен 92%-ы көмір мен табиғи газдан өндірілсе, 2024 жылы көмірдің үлесі 15%-ға, ал газдың үлесі 25%-ға дейін төмендеді. 2025 жылғы желтоқсанда Хельсинки қаласында соңғы көмір электр станциясы жоспарланған мерзімнен бір жарым жыл бұрын жабылды.
Қазіргі кезде Финляндиядағы жылумен жабдықтаудың шамамен 70%-ы жаңартылатын энергия көздері мен заманауи шешімдер есебінен қамтамасыз етіледі. Олардың қатарында қалдық жылуды пайдалану, жылу сорғылары, жылу аккумуляторлары және қалдықтарды энергияға айналдыру бар. Мұндай нәтижелерге жүйелі мемлекеттік саясат, қатаң экологиялық талаптар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау, сондай-ақ энергия тиімді және цифрлық технологияларды енгізу арқасында қол жеткізілді.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан жағдайына бейімдеуге болатын және саланы көміртексіздендіруге бағытталған жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудағы негізгі бағыттар айқындалды. Сарапшылар сондай-ақ жаңа шешімдерді енгізуді қолдау үшін ұлттық заңнамаға енгізілуі мүмкін өзгерістерді, соның ішінде мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастырады.
Алынған тәжірибе өңірлік жылумен жабдықтау жоспарларын әзірлеу кезінде және қазба отынынан неғұрлым таза әрі тұрақты энергия көздеріне көшу жөніндегі шешімдерді дайындауда пайдаланылатын болады.
#АБРКазахстан