10/06/2024
Қазақстанда жеке төлем үшін кредиттерді қайта құрылымдау бойынша қызметтер ұсынатын жосықсыз делдалдар көбейіп барады. Алаяқтар тұтынушылық кредиттер және микроқарыздар бойынша мерзімі өткен қарыздарды реттеу рәсіміне өтініштер жазу және кредиттік ұйымдарға ұысну бойынша қызметтер ұсынады. Олар азаматтарды өз бетінше ұсынылған өтініштер қарастырылмайды деп иландырады.
⚖️🇰🇿Бұл қате түсінік! Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап кредиттік ұйымдардың төлемге қабілетсіз қарыз алушылар-жеке тұлғалардың берешегін реттеудің бірыңғай заңнамалық тәртібі қолданылады. Банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешектерін қайта құрылымдауға өтініштерін заңнамалық деңгейде қарауға міндетті. Қарыз алушылардың іс-қимыл алгоритмі қарапайым және бұл үшін ешкімге ақша төлеудің қажеті жоқ!
Источник: fingramota.kz
❕Stop-Collector! Біз қаржылық қызметтерді тұтынушыларға коллекторлық агенттіктер мен қарызға қатысты өзара қолайлы шешімдерді табуға көмектесеміз.
Заңгер: Жанат Омаров
#график #коллектораРК